«GREENORDA PROJECT» ЖШС есеп құжаттарын дайындау бойынша қызметтерді ұсынады:
- салық есептілігі;
- статистикалық есептілік;
- қауіпті қалдықтар;
- Өндiрiстiк экологиялық бақылау (ӨЭБ);
- және басқалар.
Статистикалық есеп
Қоршаған орта статистикасы бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар үшін келесі түрде есептік құжаттамасы ұсынылады:
- «Қоршаған ортаны қорғаудағы жұмсалған шығындар туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаудың статистикалық нысаны (коды 1411104, индекс 4-ОС, жылдық жиілік);
- «Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1431104, индекс 1-қалдық, жылдық жиілік);
- «Қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және орналастыру туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1441104, 2-қалдық индексі, жылдық жиілік);
- «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1421103, индекс 2-ТЖ (ауа), жылдық жиілік).
Есеп нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы 2015 жылғы 9 қазандағы № 158 « Экологиялық статистика бойынша ұлттық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.