«GREENORDA PROJECT» ЖШС есеп құжаттарын дайындау бойынша қызметтерді ұсынады:

  • салық есептілігі;
  • статистикалық есептілік;
  • қауіпті қалдықтар;
  • Өндiрiстiк экологиялық бақылау (ӨЭБ); 
  • және басқалар.

Статистикалық есеп

Қоршаған орта статистикасы бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар үшін келесі түрде есептік құжаттамасы ұсынылады:

  1. «Қоршаған ортаны қорғаудағы жұмсалған шығындар туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаудың статистикалық нысаны (коды 1411104, индекс 4-ОС, жылдық жиілік);
  2. «Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1431104, индекс 1-қалдық, жылдық жиілік);          
  3. «Қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және орналастыру туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1441104, 2-қалдық индексі, жылдық жиілік);
  4. «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1421103, индекс 2-ТЖ (ауа), жылдық жиілік).

Есеп нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы 2015 жылғы 9 қазандағы № 158 « Экологиялық статистика бойынша ұлттық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.